Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК Алматы және Алматы облысында қару-жарақ саудасымен айналысқан ҰҚТ жолын кесті

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 21:42 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.

ҚР ҰҚК криминалды қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатудың ірі арнасының жолын кесу туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.

- 2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК "А" арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 "Калашников" автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон анықталып, тәркәленді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жерінде қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) тәркіленді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 21:42

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2019 21:42

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: