Жаңалықтар тізбегі
0

Ешкім өлмеді. Алматы мен Нұр-Сұлтан митингтерінде 500-дей адам ұсталды

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2019 16:32 facebook.com
Сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты болды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Астана мен Нұр-Сұлтанда 500 адамның полицияға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– 19 мың полицей, ТЖ қызметінің 6 мың қызметкері, волонтерлер жұмысқа шықты. Көшелер мен қоғамдық жерлердегі қауіпсіздікті полиция, әскерилер, Ұлттық гвардияның 10 мың қызметкері қамтамасыз етті, – деді Қожаев.

Ал сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты болды.

– Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз акциялар өткен жерлерден полицияға шамамен 500-дей адам жеткізілді. Полицияның әрекетіне келсек, барлық шаралар заңға сай өтті, азаматтармен қарым-қатынас кезінде тәртіп сақшылары мейлінше ұстамды болды, – деді Қожаев.

Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Желіде полициядан таяқ жеген, тіпті бір адамның қайтыс болып кеткені туралы қауесеттер жүр – олар шындыққа сай келмейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: