Жаңалықтар тізбегі
0

Жұрт артынан іздеп келді – полиция Алматыда Ринаттың ұсталуына байланысты

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2019 16:30 YouTube
Аталған дерек прокуратура органдарының бақылауына алынған.

Алматының Полиция департаменті айтыс ақыны Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ринат 10 маусымда түстен кейін Алатау ауданында өткен рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталған.

– Түсіндіру жұмыстарынан кейін Зайытов үйіне жіберілді. Сәлден кейін Полиция департаменті ғимаратының алдына Зайытовпен кездестіруді талап еткен бір топ азамат жинала бастады. Оларға Ринаттың үйіне жіберілгені туралы хабарланса да, жиналған топ тарқамай тұрып алды. Жиналғандардың түрі жаман екенін, жиналыстың арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетуі мүмкін екенін сезген құқық қорғау органдарының талабымен Зайытов жұрт жиналған жерге жеткізіліп, олардың алдында сөз сөйледі. Ринат жиналғандарды тәртіп бұзбауға, құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауға шақырды. Аталған дерек прокуратура органдарының бақылауына алынды,, – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: