Алматыда монша өртенді

Public Domain Pictures Public Domain Pictures
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағатта ауыздықтаған.

Алматының қақ ортасында орналасқан монша отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алмалы ауданында орналасқан жуынатын орын таңғы 8-де жана бастаған. Қызыл жалын жанындағы жапсарлас тұрған үйлерге өтіп кету қаупін тудырған.

Монша түгелдей дерлік ағаштан салыныпты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағатта ауыздықтаған. Жалын 900 шаршы метр монша кешенін түгел шарпып, 150 шаршы метр аумғы күлге айналған. Өртті ауыздықтауға 32 өрт сөндіруші мен 9 көлік жұмылдырылған. Әзірге оттың тұтану себебі белгісіз. Таңғы уақытта тұтанғандықтан моншада адам болмай, зардап шеккендер жоқ. Бірақ сол маңайдың тұрғындары осы моншадан әбден зәрезап болғандарын айтады. Өйткені бұған дейін де осы нысанды өрт шарпыған екен.

Төлепберген Қосмағамбетов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Былтырда жанып еді. Менің үйімнің төбесін екі рет жөндеп едім. Енді не болады?

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз