Жантүршігерлік көлік апатынан аман қалды деген үш адамның біреуі көз жұмды

сурет видеодан алынды сурет видеодан алынды
Ауруханаға түскен 3 әйелдің біреуі жедел отадан соң көз жұмды. Тағы екі қыз ауыр халде. Қазір "Жол ережесін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қарағанды-Теміртау тас жолында болған апаттан қаза тапқандардың саны 7 адамға жетті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, ауруханаға түскен 3 әйелдің біреуі жедел отадан соң көз жұмды. Тағы екі қыз ауыр халде. Қазір "Жол ережесін бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Екі көлікте отырған 9 адамның үшеуі ауыр халде облыстық Травматология және ортопедия орталығына түскен еді. Науқастардың бірі 38 жастағы әйел ауыр ми жарақатын алғандықтан отадан соң көп ұзамай көз жұмған. Дәрігерлер қалған екі қыздың өмірін құтқарып қалуға тырысып жатыр.

"Травматология орталығына қосымша хирургтер мен нейрохирургтер әкелініп, жапа шеккендерге дереу ота жасалды. Алайда олардың жағдайы ауыр. Бас миы мен ішкі ағза жарақаттарын алған, көп қан кеткен. Сондықтан қазір өкпелері жасанды дем алып жатыр. Ес- түссіз комада деген сөз", - дейді облыстық Травмотология қызметі жағдаяты орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Айта кетсек, ірі жол көлік апаты өткен сенбіде Қарағанды-Теміртау тас жолында орын алған. Алдын ала болжам бойынша, Дәу көлігін тізгіндеген 30 жастағы әйел адам рөлге ие бола алмай, қарсы беттегі Аудимен соқтығысқан. Қос көліктегі тоғыз адамның алтауы сол арада мерт болған еді. Оның екеуі көлік жүргізушісі, ал төртеуі жолаушы адамдар болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз