Жаңалықтар тізбегі
0

Жалақыны "конвертпен" беретіндер туралы анонимді түрде хабарлау керек

СҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 16:30 СҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бұл тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады – СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімдігінде өткен кездесуде экономиканың нақты секторындағы жалақыны көтеру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО тұрғындарының табысы республикалық көрсеткіштерден 30 пайызға төмен. Соған қарамастан, ағымдағы жылдың басынан бері өсудің оң динамикасы байқалады. 140 мыңнан астам адамның жалақысы көтерілді, оның ішінде 48 мыңнан астамы мемлекеттік қызметкерлер. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында орташа айлық жалақы 10%-ға артып, 113 мың теңгеден асты. Талдау көрсеткендей, агроөнеркәсіптік кешенде, өнеркәсіпте және құрылыс саласында төмен көрсеткіштер байқалды.

- Ең төменгі жалақы құрылыс саласында. Бізде бюджеттік құрылыс 70%-ды құрайды, ақша бөлінеді. Жұмыс берушілер құрылыс материалдары мен жалақыдан үнемдейді. Мемлекет барлық бағыттар бойынша бизнесті қолдап келеді, алайда жағдай бәрібір мәз емес, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі Солтүстік Қазақстан халқын белсенді болуға және жергілікті билік органдарына кәсіпорындардағы еңбек шартын бұзу деректері туралы хабарлауға шақырды.

- Біз мониторинг жүргіземіз, сауалнама жүргіземіз. Мен біздің кәсіпорындардың қызметкерлерінен осы жұмысқа белсенді түрде қатысуын сұраймын. Жалақыңыздың төмен екенін, айлықты конвертке салып беретіндер туралы бізге хабарлаңыздар. Тіпті анонимді түрде хабарлаңыз. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде қолданылады. Мен тұрғындардан қалыс қалмауға және мұндай жағдайлар туралы бізге белсенді түрде хабарлап отыруға шақырамын, - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 16:30

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: