Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін – депутат Бекболат Тілеуханның туған күні

parlam.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 17:27 parlam.kz
Бекболат Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған.

Бүгін, 7 тамызда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның туған күні екенін саясаттанушы Ербол Еділов өз telegram-ында еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған.

Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері.

Білімі – жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "концерт орындаушы" мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін "инженер-металлург" мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

2002-2004 жылдар аралығында ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, мәдениет вице-министрі болды.

2004 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясына мүше.

2016 жылдың 24 наурызынан бері VІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті.

1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді. "Парасат орденімен", "Қазақстан конститутциясына 10 жыл", "Қазақстан парламентіне 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдерімен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: