Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстанда екі бүлдіршін қызды зорлаған күдікті ұсталды

korupciya.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2019 20:31 korupciya.com
Күдікті Жаңа өмір ауылында, яғни бұрынғы Шаған совхозында ұсталды.

4 және 5 жастағы бүлдіршіндер ауруханаға түсті. Оларды зорлады деген күдікпен сол маңда тұратын жас жігіт ұсталды, деп хабарлады Zakon.kz Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Күдікті Жаңа өмір ауылында, яғни бұрынғы Шаған совхозында ұсталды. Бұл туралы алдынкүні - 7 тамызда белгілі болды.

Қыздардың бірі полицияда жұмыс істейтін әкесіне осы туралы оқиғаны айтып берген. Ал журналистерге БҚО адвокатурасындағы дерек көз мәлім еткен. Журналистерге бұл мәліметті өзінің атын атамауды жөн санаған осы ауылдың тұрғыны растаған. Оның айтуынша, екі қыздың бірі қалада тұрады, бірақ қылмыс жасалған кезде ол ауылдағы туыстарының үйіне қонаққа барған.

Теректі аудандық полиция бөліміндегілер күдіктінің қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында екенін растады.

"Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды және сот алдын-алу шарасын таңдағанға дейін ол қамақта болады", - дейді кезекші полиция қызметкерлері.

Ұсталған азаматтың өзіне келетін болсақ, ол жақында әскерден оралыпты. Ал оған дейін төбелескені үшін бірнеше рет полицияда болған екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: