Арыста 6924 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет
Арыстықтар сәрсенбі 14 тамыздан бастап 100 мың теңгені алуды бастайды. Бүгінде 57171 тұрғынның мекенжайы расталған.

Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7 пайызға жетті. Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

- Арыс қаласында жалпы тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7197 құрайды. Ал 433 баспананы толық қалпына келтірілетін болады. Жалпы осы уақытқа дейін 6924 үйде жөндеу жұмысы толық біткен. Бұл 90,7 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда 101 жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары басталған жоқ, оның 53 де үй егелері келісім бермей отыр, – деді Қ. Өскенбаев.

Ал Арыс әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан 315 жұмысшы тартылған.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/thumbs/1565625342_1f27af58-2c6e-4e39-94ad-e0f3dd3766fa.jpg

Арыстықтар сәрсенбі 14 тамыздан бастап 100 мың теңгені алуды бастайды. Бүгінде 57171 тұрғынның мекенжайы расталған. Кәмілетке толғандарға толық төлем карталары жасалған. Қала аумағында "Халық банкі" АҚ-нің 10 банкоматы орналасқан және қосымша Спорт кешені ғимаратына 8 банкомат уақытша орнатылды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмас Тастанбеков, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлерімен тәулік бойына нарядтар қойылғанын мәлімдеді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/thumbs/1565625367_63601bf3-4150-4274-8fed-0bfd859b4c9d.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз