Жаңалықтар тізбегі
0

"Всеобучтың" жәрдемақысын жеп қоятындар кімдер?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2019 21:53 zakon.kz
Бюджеттен қаражат бөлінеді, жолай жырымдала келіп, итке лақтырған сүйектей болып жетеді.

Мемлекет тарапынан жылына бір рет, оқу жылының қарсаңында жағдайы нашар отбасылардың балаларына берілетін "всеобуч" деп аталынатын жəрдемақы бар көрінеді, деп жазады желіде Гүлмәрия Барманбекова.

– Əр балаға 120 мыңнан. Қаражат тендер арқылы бөлінеді. Тендерді ұтып алған кəсіпкер əр балаға 120 мыңның көлемінде киім сатып алып мектепке жеткізеді. Мектепке қаржылай берілмейді. Кəсіпкер сатып əкелген киімдер өте сапасыз, 120 мыңға тұрмайтын арзанқол, баланың денсаулығына зиянды синтетикадан талғамсыз тігілген болып келеді екен. Аталған сомаға сапасы дұрыстауын алуға болар еді деп ренжіп жүрген ата-аналар көп.

Бюджеттен қаражат бөлінудей-ақ бөлінеді, жолай жырымдала келіп, иесіне итке лақтырған сүйектей болып жетеді. Жаманаты билікке келеді.

Бəленің бəрі жергілікті жердегі "атжалмандарда" жатқан сияқты. Қарапайым халық мемлекетпен арадағы делдалдардың сан түрлі "құйтырқыларын" қайдан білсін. Осы тендер əдісінің түпкі нəтижесіне бақылау жасайтын ұйым бар ма өзі, – деп жазады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: