Жаңалықтар тізбегі
0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2019 15:47 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жаңа министр - Біржан Нұрымбетов.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

- Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, - делінеді Жарлық мәтінінде.

20 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа министр Біржан Нұрымбетовты таныстырды.

ҚР Үкіметінің басшысы Бердібек Сапарбаевқа қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша қойған міндеттерін шешуге қатысты жүйелі жұмысты ұйымдастырды.

Жаңа министрді таныстыру кезінде Асқар Мамин Біржан Нұрымбетовтың әлеуметтік саладағы 20 жылдық жұмыс тәжірибесін атап өтті. Түрлі жылдары ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысының орынбасары лауазымында болды. 2017 жылдан бастап ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Нұрымбетов Біржан Бидейбекұлы 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін - Механика және қолданбалы математика, Алматы экономика және статистика академиясын - қаржы бакалавры бітірген.

Еңбек жолы:

· Салық инспекторы, Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясы бөлімінің бастығы (1993-1996);

· Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996);

· Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997);

· "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК Жамбыл облыстық филиалының директоры (08.1997-05.2008);

· Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (04.05.2008-03.2009);

· Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (03.20.2009-16.10.2012);

· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары (2012-06.2015)

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі (06.2015-01.2017);

· Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (01.2017-11.2017);

· Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары (11.2017 ж. бастап)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: