Жамбыл облысында мерекелік тартуға 20 нысан берілді

Zakon.kz Zakon.kz
Бүгін аталмыш нысандардың бірқатары пайдалануға беріліп, тұрғындарға тамаша тарту болды.

Соңғы жылдары әр мереке сайын өңірімізде жаңа нысандарды пайдалануға беру үрдіске айналғаны белгілі. Ел игілігіне берілетін әрбір нысан қашан да көптің көңіліне қуаныш ұялататыны сөзсіз десек, сол жағымды дәстүр бүгінде өз жалғасын тапты.

Жалпы, 30 тамыз - ҚР Конституциясы және Білім күні мерекесі қарсаңында облыс бойынша 20 нысан пайдалануға беру жоспарланған болатын. Оның ішінде: 5 мектеп, 11 көпқабатты тұрғын үй, 2 ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі, 2 коворкинг орталығы бар.

Бүгін аталмыш нысандардың бірқатары пайдалануға беріліп, тұрғындарға тамаша тарту болды. Атап айтар болсақ, облыс басшысының қатысуымен Тараз қаласындағы №15 шағын аудандағы көпқабатты 9 тұрғын үй аяқталып, көпбалалы және толық емес отбасылар пәтер кілтіне ие болды. Сондай-ақ, 2 көпқабатты тұрғын үй Талас және Жамбыл ауданында берілмек.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/thumbs/1567084840_whatsapp-image-2019-08-29-at-19-10-57.jpeg

Ол ғана емес, бүгін 39 дана санитарлық автокөлік және қоғамдық көліктердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Санитарлық автокөліктер толығымен аудардағы емдеу ұйымдарына үлесетірілді. Сонымен қатар, қоғамдық көлік тасымалы саласының әлеуметтік маңызы зор екендігін ескере отырып, қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның бір айғағы ретінде 58 бірлік жаңа автобустар сатып алынып, кілттері табыс етілді. Атап айтқанда, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС – 33 бірлік, «ТаразТрансМоторс» ЖШС – 15 бірлік және «СапарТранс 2012» ЖШС – 10 бірлік. Жолаушы тасымалдаушы қоғамдық көлік қызметін жандандыру бағытында қолға алынған ауқымды шаралар бүгінде өз нәтижесін беріп жатқаны көңіл қуантады. Сала қызметін түбегейлі жаңартуға бағытталған жұмыстар ең алдымен, көпшіліктің көңілінен шығуға деген бетбұрыс екені анық. Атқарылып жатқан шаралар нәтижесінде, халыққа сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетіліп, жолаушылар тасымалдау сапасы артатындығы белгілі.

Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, республикалық және облыстық бюджет есебінен Сарысу ауданының Арыстанды және Қызылдихан ауылдарында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 2 нысан пайдалануға берілді. Бұл нысандардың барлығының ашылуына облыс әкімдерінің орынбасарлары мен аудан әкімдері қатысты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/thumbs/1567084856_whatsapp-image-2019-08-29-at-19-10-58-1.jpeg

Сонымен қатар, ауыл жастарының өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, шығармашылық және басқа да қабілеттерін дамытуға, түрлі форматтағы тренингтер мен шығармашылық жұмыспен айналысуға мол мүмкіндік беретін коворкинг орталықтары Жуалы ауданының Қарабастау және Бәйтерек ауылдарында ашылды.

Айта кетейік, мерекелік тартулар мұнымен толастамайды. 1-қыркүйек білім күні қарсаныңда өңірімізде бірқатар білім ошақтары пайдалануға берілмек. Ол туралы алдағы уақытта толығырақ ақпаратпен бөлісетін боламыз.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-08/thumbs/1567084781_whatsapp-image-2019-08-29-at-19-10-58-2.jpeg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз