Жаңалықтар тізбегі
0

Гаухар Алдамбергенова: Жолдау әлеуметтің әлеуетін арттырады

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2019 14:29 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат ел дамуын жаңа кезеңге бастап, әлеуметтің әлеуетін арттыруға тың серпін бермек.

Мемлекет дамуында маңызды рөл атқаратын құжатта бүгінгі қоғамда өзекті мәселе болып табылатын мәселелер қозғалып, оны біржола шешудің механизмдері айтылды.

Атап айтқанда, Президент білім беру, кәсіпкерлік, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жайында тың бастамаларды көтерді. Ол – тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол ашуға басты фактор болмақ. Сонымен қатар Мемлекет басшысы есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламент пен Үкіметке тапсырмалар жүктеді.

Менің ойымша, Мемлекет басшысы көтеріп отырған мәселелердің бір тетігі тәрбиемен де тікелей байланысты. Расын айту керек, аталған олқылықты жайттар мен оқыс оқиғалардың көбейіп кетуі отбасындағы тәрбиенің тиісті берілмеуінде.

Қоғамның кесапатына айналған қылмыстарды кім жасайды? Олардың шыққан ортасы қандай? Міне, осы сауалдар төңірегінде жете зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Білім беру мекемелері өз қызметтерінде тәрбие мәселесіне ерекше басымдық беруі тиіс. Балабақша, мектептер мен жоғары оқу орындары бұл тарапта арнайы кешенді істерді қолға алуы тиіс. Бұл өз кезегінде аталған қылмыстардың салдарымен емес, себебімен күресуге ықпал етпек.

Шығыс ғұламасы әл-Фараби бабамыздың "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген дана сөзін басты ұстаным ретінде пайдалану керек, білім ордалары.

Кейінгі жылдары қоғамда орын алып отырған келеңсіз жайттар мен оқыс оқиғалар, бүгінгі тәрбие саласындағы инновациялық көзқарасты педагогикада жүйелі түрде пайдалануға байланысты тиімді идеяның болмауы да адамгершілік тәрбиені, соның ішінде моральдық-этикалық тәрбиені дағдарысқа әкелуде. Ал дағдарыстың түбі жақсылыққа апармайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақта "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" деген ұлағатты сөз бар. Баланың қалыптасуына, оның болашақта қандай тұлға болуына отбасы тәрбиесінің тигізетін әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін не? Жеткіншектің өскен ортасы, ата-анасы. Осылардың ықпалы дұрыс болмаса адам түрлі жаман мінезді жұқтырады. Ол – түбінде жақсы істерге бастамайды.

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: