"Шешіндіріп, көміп кетті". Қостанайда қыздарды қорлағандардың айуандығы ашылды

иллюстрация үшін алынды иллюстрация үшін алынды
Біраздан соң қашқын қызды сабасына түсірдік-ау деп шешкендер оны жер астынан қазып алған.

Қостанай сотында қыз балаларды күштеп, тәнін саудалауға мәжбүрлегендерге қатысты қылмысты іс қаралуда. Зардап шегушілер – 20 қыз, оның ішінде кәмелетке толмағандары да бар. Сотталушы - 5 адам. Зардап шеккендер жезкөкшелер үйінен қалай шыққаны да белгілі болды, деп хабарлайды Alau.kz.

"Дамыту" қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюктің айтуынша, қаскөйлер отбасылық және қаржылық мәселесі бар жас қыздарды иектеп, көңіл білдірген құсап өз торына түсірген соң оларды жеңгетайларға сатып жіберіп отырған.

Зардап шеккендердің бірі өзінің 20 жасында қалай құлдыққа түскенін айтып берді. Бұған дейін бойжеткен күйеуімен және баласымен Қостанай облысында тұрған. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол қалаға жұмыс іздеп келеді. Бір жігіт оған жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтқан. Ол жұмыс орнына келгенде ғана қандай жерге тап болғанын түсінеді. Алайда кері қайтуға оған ешкім мүмкіндік бермеген. Осындай түрлі амал-айламен жезөкшелер ордасынан шыққан қыздар өздерін бопсалап, қорқытып, ұрып-соғып ұстап келгендерін айтты. Ал қашатындарды ұстаса аямай ұрып-соғып, зорлайтын болған. Ол да қашамын деп осындай жантүршігерлік күйге түскен.

"Олар мені ұстап алғанда орманға алып шықты. Қазан айы болатын, олар мені жер қазуға мәжбүрледі, одан соң тыр жалаңаш шешін деді. Сол күйімде шұңқырға итере салды, үстіме қар аралас топырақты күрекпен лақтыра бастады", - дейді қыз.

Біраздан соң қашқын қызды сабасына түсірдік-ау деп шешкендер оны жер астынан қазып алған.

Бұл сот жабық есік жағдайда өтіп жатқанын айта кетелік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз