Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

60 жастағы экс-судья 12 жастағы қызға тиіскен

Душанбенің Фирдуси аудандық соты 12 жастағы қызға секс сипатындағы ерсі қылық көрсетті деп айыпталған бұрынғы судьяның ісін қарап жатыр.

Сурет : Радиои Озодй25 Қыркүйек 2019, 17:02

Душанбе қаласының Фирдуси аудандық соты 12 жастағы қызға секс сипатындағы ерсі қылық көрсетті деп айыпталған бұрынғы судьяның ісін қарап жатыр, деп жазады centralasian.org.

60 жастағы экс-судья зейнетке шыққан. Оған Тәжікстан қылмыстық кодексінің 142 бабы (Ерсі қылық) бойынша айып тағылған.

Фирдоуси аудандық соты қызметкерінің хабарлауынша, қыздың әкесі көршісінің үстінен арыз жазған.

Оның айтуынша, 13 жыл көрші тұрған экс-судья биыл маусым айында жас қызға ерсі қылық көрсетіп, өзінің жыныстық қажеттілігін қанағаттандырған.

"Қызым ауладағы дос қыздарына көршіден көрген азабын айтып, жылаған. Бұл әңгімені үшінші қабаттағы көрші әйел естіген. Ол қызыма бар шындықты анасына айтып беруге кеңес берген", - деді жәбірленуші.

Қыздың әкесінің айтуынша, экс-судьяға әуелі "секс сипатындағы зорлық әрекет" бабы бойынша іс қозғалған, кейін "ерсі қылық" қылмысына алмастырылған.

Медициналық тексеру кәмелет жасқа толмаған қыздың пәктігі сақталғанын анықтаған. Күдікті қыздың денесін өзінің жыныстық қажеттілігін өтеу үшін пайдаланған.

Экс-судья сот органдарында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Бес жыл бұрын зейнетке шыққан. Сот өткен аптада басталды. Жәбірленуші қыздың әкесі соттың алғашқы отырысына адвокатсыз қатысқан, ал 24 қыркүйекте қорғаушы жалдаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер