Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында жас кәсіпкерлер форумы өтті

УВП Кызылординской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 16:51 УВП Кызылординской области
Шараға жергілікті 18-29 жас аралығында жас кәсіпкерлер, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барды. «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумына қатысып, ІІІ Интернационал ауылының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.

Кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен өңір жастарымен кездесіп, жастар арасында кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсету мақсатында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен «Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері» форумы өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 16:51

- Басты мақсатымыз - Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындау. Алдымен ауызбіршілікті, татулықты сақтау керекпіз. Өйткені ынтымақ болмай, ешқандай іс өнбейді. Екінші - өңірімізді индустрияландыру. Жаңа кәсіптер, өндіріс орындарын ашу, жер астының пайдалы қазбаларын дұрыс пайдалана білу, табиғаттың мүмкіндіктерін тиімді қолдану, инвестиция тартып, өнеркәсіпті нығайту қажет. Тиісінше кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Осы бағытта өңіріміздің барлық аудандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Қазіргі таңда жұмыссыздықты азайту, бизнесті қолдау, инвестицияны дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біздің облыста бұл салада біршама жұмыстар атқарылып, оң көрсеткіштер көрсетіп келеді. Осыған орай, 2018 жылы Қырымбек Елеуұлы Елбасының қолынан бизнесті жүргізуге жағдай жасаған ең үздік аймақ номинациясы бойынша Алтын сапа марапатын алғанын білесіздер,-деді аймақ басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 16:51

Шараға жергілікті 18-29 жас аралығында жас кәсіпкерлер, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 16:51

Іс-шара барысында мәдени шаралар ұйымдастырылып, қатысушыларға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие және мемлекеттік грант алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, спикерлер кәсіпті қалай жүргізу керек, оны дамытудың жолдары, табысты кәсіпкер болудың құпиясы, жеке ісін бастағысы келген жастарға қарастырылған мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, өз ісін ашқан жастардың шығарған өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында аймақтың жас кәсіпкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасы және алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы ІІІ Интернационал ауылында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2019 16:51

ІІІ Интернационал ауылының халық саны – 2444 адам, отбасы саны – 475. Ауылдағы №108 орта мектепте 452 бала білім алуда, 62 мұғалім, 30 қызметкер жұмыс істейді.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде "Бизнес Кеңесші" жобасы бойынша 7 адам оқу курстарынан өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: