Жаңалықтар тізбегі
0

Қыз деген - гүл. Мұхамеджан Тазабек студенттерге тәлім берді

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 21:20 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қыз өссе елдің көркі. Бірақ дұрыс өссе...

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, белгілі айтыскер ақын, "Асыл арна" телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті.

Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.

"Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында өткен жиында Мұхамеджан Тазабек еліміздің бүгіні мен болашағы, қазіргі қоғамның бет-бейнесі турасында кеңінен әңгіме өрбітті. Ұлттық деңгейде ойлау, мемлекеттік сананы қалыптастыру, қазақы салт-дәстүр, өзіндік болмысымызды сақтау сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеуге үндеді.

Кешегі Мұхаммед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Төле билерді, тау тұлғалы Тұрар Рысқұловты, батыр Бауыржан Момышұлын, қабырғалы қаламгерлер Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбайұлын, ұлы аналарымыз Домалақ, Зере, Ұлжанды бүгінгі бойжеткендерге үлгі ете сөйледі.

– Қыз деген – гүл. Бірақ бағбаны болмаса гүлдің де ғұмыры қысқа. Бір гүлдің бүр жаруы үшін көктен күн нұрын, жерден топырақ құнарын, көлдер суын беріп, бағбаны баптап, жан-жағын қоршап еңбектенеді. Демек гүлге теңегендігін тек әдемілік үшін деп ойласақ қателескеніміз. Бұл үлкен жауапкершілікті меңзейді. Құрмет көргені жайнайды, көрмегені солады. Қыз өссе елдің көркі. Бірақ дұрыс өссе... Ал оны дұрыс өсіру әрбір ата мен әкеге, аға мен ініге, сізге, бізге жалпы азаматтарға аманат... Расында әдемілік, әдептілік, арлы, ибалы, деген керемет сөздерді естігенде есімізге кім түседі? Сұлулықтан бұрын тәуелсіз еліміздегі ең үлкен қазынамыз, ең үлкен капиталымыз не, білеміз бе? Үйде жүрсең жағдайың, түзде жүрсең тілекшің кім? Ол әрине, кешегі батыр бабаларымыз жанын қиып, аналарымыз барын қиып қорғаған қаракөздеріміз. Қыздың абыройы түскен елде, ердің абыройы көтерілген емес. "Қырық үйден тыйымның" өзі қыздың қырық қарауылы, жан-жағының жанашырға толы екеніне бағытталған. Кейде қымбат телефон алсақ та сыртын қаптап, бетін терезелеп, күннің көзінен, баланың қолынан қорғап, қолымыздан тастамайтынымыз жасырын емес. Ал неге ұлтымыздың тағдыры, ұрпағымыздың өмірі, келісті келешегіміз бен баянды болашағымыз байланып тұрған аруларымызды қараусыз қалдырамыз?.. Алла тарапынан адамға берілген ең үлкен нығмет – салиxалы әйел. Әр тұлғаның артында әйел тұрады. Демек қызды дұрыс тәрбиелеп, аруды аялап, аяулы анаға айналдыру ол біздің міндетіміз. Қыз үшін ең үлкен мамандық – мама болу. Мама болған қыз, көп нәрсеге маман болады. Жас кезінде арын сақтаған қыздан елге тұлға болатын ұл туады, ерге абырой сыйлайтын қыз туады. Қадірлі ана – құрметті қыздан ғана шығады. Сондықтан қарындастарымды қысқа ғұмырдың қызығын емес, тұтас ұлттың абыройын ойлауға, ал бауырларымды, шекараң бүтін, елің тыныш, тәуелсіздігің тұрақты, ендеше тек қаракөз қыздарымызды қорғауға шақырамын, – деді Мұхамеджан Тазабек.

Жиын барысында белгілі айтыскер ақынға жастар тарапынан қойылған сауалдар көп болды. Сұрақтардың дені ата-ананы қадірлеу, адамдар арасындағы сыйластық, отбасы құндылықтары мен қыз тәрбиесі жайын қаузады. Басқосу соңында оқу орнының студенттері кеш қонағына салиқалы да тағылымға толы әңгімесі үшін ризашылық білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 21:20

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 21:20

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: