Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысының әкімі ардагерлермен кездесті

- -
Айта кетейік өткен жылдың 1 шілдесінен бастап 69 мыңнан астам зейнетақы алушының базалық зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтіліне байланысты тағайындалған.

Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай аймақ басшысы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесті. Бүгінде облысымызда 74 мыңға жуық зейнет жасындағы қариялар бар. Бұл туралы Zakon.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ардагерлердің әлеуметтік мәселелері әрқашан назардан тыс қалған емес. Мәселен аймақтағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған. Соған сәйкес егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғауға, денсаулығын жақсартуға, қоғамдық өмірге тартуға, компьютерлік сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылуда.

Айта кетейік өткен жылдың 1 шілдесінен бастап 69 мыңнан астам зейнетақы алушының базалық зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтіліне байланысты тағайындалған.

Сондай ақ облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы қазіргі таңда, Қызылорда қаласында 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығы, облыстық қарттар үйінің жанынан 100 орындық және қалалық ардагерлер үйінің жанынан 50 орындық, Шиелі ауданында 50 орындық ардагерлер мен мүгедектерге арналған күндізгі стационар жағдайында оңалту бөлімдерінде 3 мыңға жуық адам қызмет алып жүргендігін де атап өтті.

- Облыста бірнеше жылдан бері "Сыр мейірімі" жобасы жүзеге асып келеді. Бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, көмекке мұқтаж 220 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер, аз қамтылған отбасылары түскі аспен қамтылып келеді,-деді облыс әкімі.

Жыл сайын бюджет қаражаты есебінен ардагерлерге Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына саяхат ұйымдастырылып келеді. Биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай 200-ден астам ардагерлер Өзбекстан Республикасының және Маңғыстау облысының тарихи орындары мен көрікті жерлерімен танысып келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз