Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жігітше дегенің осы ма? 91 тобының әншісі тілшіге мінез көрсетті

Топтың бір мүшесі: "Өзін жігітше деген сөздің не екенін білесің бе" деп, сұқбат алып тұрған тілшінің алдын кесіп, мінез танытып, кадрда оның бетін жауып тастады.

Сурет : видеодан алынды21 Қазан 2019, 16:27

Oybay Show бағдарламасының жүргізуші Мұхит Сапарбаев 91 тобынан сұқбат аламын деп, олардың наразылықтарына ұшырап қалды.

Журналисттің қойған сұрақтары ұнамады ма, әлде өзі ме, неге екенін белгісіз, топтың бір мүшесі: "Өзін жігітше деген сөздің не екенін білесің бе" деп, сұқбат алып тұрған тілшінің алдын кесіп, мінез танытып, кадрда оның бетін жауып тастады.

Сұқбаттың өзі емес, бірақ осы арасы желідегі 91 тобының жанкүйерлерінің қызу талқысына түсіп жатыр. Желідегілердің көбісі: "Ейзи, Заг дұрыс істеді, әйтпесе журналист бір сұрағын мың қайталап, әлі езіп тұра берер түрі бар" деп қолдау білдірді.

Ал өзіне мінез көрсеткен әншілерден журналист: "91-тобы жақында тарайды екен" деген сыбысқа қатысты олардың пікірін білмек болған. Дегенмен наразылыққа ұшыраса да ол бұл сауалына жауап ала алды.

- 91 тобының әндері барлық жерге тарап жатыр, бірақ топтың өзі тарамайды. Жеке соло ретінде бөлініп ән айтуымыз мүмкін, бірақ оның топқа еш қатысы жоқ. Топтың ғұмыры өміршең. Бұл сыбыс қазір басқа топ өз қатарына қосымша адамдар алып жатыр, сонымен байланысты шыққан шығар. Оның бізге түк қатысы жоқ, - деді топ көшбасшысы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер