Таразда апатқа ұшыраған жігіт көлікті баласымен бірге тастай қашқан

КТК КТК
Қашқын көлік иесі – 29 жастағы бүлдіршіннің туысқан ағасы болып шықты

Таразда жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі екі жасар баланы машинаның ішіне қалдырып, өзі оқиға орнынан із суытқан. Ізім-ғайым жоғалған азаматты полицейлер таба алмай жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Оқиға қаланың шеткі көшелерінің бірінде болған. "Мазда" үйдің алдындағы бағанаға соғылыпты. Қатты соққыдан темір тұлпардың алдыңғы бөлігі жапырылып, бетон қисайып қалған. Апаттан кейін көлік жүргізушісі балаға да қарамастан тайып тұрыпты. Содан бері жоқ. Оның ішімдік ішкен-ішпегені беймәлім. Қазір тәртіп сақшылары оған іздеу жариялап, көлік айып тұрағына қойылды. Ал сәбидің денсаулығына зақым келмеген. Дәрігерлер қарауынан кейін ол ата-анасына табысталды. Қашқын көлік иесі – 29 жастағы бүлдіршіннің туысқан ағасы болып шықты", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз