Сирияда соғысқан 14 қазақстандықтың соты ерекше қорғалған ғимаратта өтіп жатыр

видеодан алынды видеодан алынды
Тіпті байланыстың кей түрлері бұғатталады, соның салдарынан біз тікелей эфирге сот залынан емес, сот отырысы өтіп жатқан ғимараттың сыртынан, шамамен 500 метр қашықтықтан қосылып отырмыз - телеарна тілшісі.

Елордада Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы ерекше қорғалатын ғиамартта өтіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24"

"Процесс ашық сипатқа ие болғанымен сот отырысы елорданың шет жағындағы түзеу мекемелерінің бірінде өтіп жатыр. Бұл - ғимарат ерекше қорғалатын нысанның бірі. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мұнда қатаң сақталады. Тіпті байланыстың кей түрлері бұғатталады, соның салдарынан біз тікелей эфирге сот залынан емес, сот отырысы өтіп жатқан ғимараттың сыртынан, шамамен 500 метр қашықтықтан қосылып отырмыз. Бүгінгі сот отырысына да 13 сотталушы қатысып отыр. Біреуі денсаулық жағдайына байланысты процеске видеобайланыс арқылы қосылып отыр", - деді телеарна тілшісі.

Алғаш болып Дәурен Сәбитұлы есімді сотталушыдан жауап алынды. Ол Сирияға 2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен аттаныпты. Бұл елге ол діни білім алу үшін барыпты. Шам жерінде Абдураxман лақап атқа ие болған. Бастапқыда аудармашы қызметін де атқарған. Жауап барысында ол арнайы әскери дайындықтан өтпегенін айтты. Үш баласы бар, екеуі Шам жерінде дүниеге келіпті.

Айта кетейік, айыпталушылардың ең үлкені 50-де, ал ең жасы 22-ден асқан. Олар Сириядағы соғысқа қатысу үшін елден аттанған. Алайда "Жусан" операциясы аясында мамыр айында елге қайтарылған. Бұл операцияны еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізді. Олар шам жерінен Қазақстанға 595 адамды қайтарған. Қайтарылғандардың 400-ден астамы балалар. Бұған дейін елге оралған 10 ер адам мен бес әйел түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Оларға террорлық ұйымның қызметіне қатысты деген кінә тағылып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз