Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда 61 отбасының коммуналдық берешектері кешірілді

Әр азаматтың қарызының көлеміне қарай 20 мыңнан 200 мыңға дейінгі берешектері жойылды. Жалпы кешірілген қарыздың көлемі - 5 миллион 600 мың теңге.

Сурет : Almaty.tv1 Қараша 2019, 10:46

Алматы қаласы Әуезов ауданыyнда жылуға, ауыз суға және жарыққа жиналып қалған берешегі бар 61 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының қарызы кешірілді, деп хабарлайды Zakon.кz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бүгін аудандағы 61 әлеуметтік аз қамтылған отбасы, оның ішінде жанұяда мүгедек адамы бар, жалғызбасты ана және жағдайы төмен азаматтардың пәтер иелері кооперативі алдындағы қарыздары кешірілді.

"Бүгінгі күні бізге 200 мың теңге көмек көрсеткен "Нұр Отан" партиясына рахмет", - деді көпбалалы ана Бағдатгүл КӨПЕСОВА.

"Жағдайымыз төмен болғаннан соң, қарызымды төлей алмадым. Қазір екі мүгедек балама қараймын. Жұмыс істеймін. Бірақ ол жеткіліксіз", - деді көпбалалы ана Айжан ДУЛАТОВА.

Жалпы кешірілген қарыздың көлемі - 5 миллион 600 мың теңге. Жауаптылардың сөзінше, тұрғындар аталған соманы төлей алмайтындарын айтып аудандық "Нұр Отан" партиясына өтініш жазған. Содан кейін, партия пәтер иелері кооперативі төрағаларына әлеуметтік әлсіз топтарды қарыздарынан кешіруді ұсынған екен. Әр азаматтың қарызының көлеміне қарай 20 мыңнан 200 мыңға дейінгі берешектері жойылды.

"Қарыздарды қайтару үшін әртүрлі шара қолданып жатырмыз. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Келесі кездесуіміз осы азаматтармен тұрғын үй мәселесі бойынша болады. Қалай кезекке тұру, қандай құжат керек? Және кім кезекке тұра алады. Әлде, болмаса осы Алматы қаласында пәтерге ие бола алады дегендей мәселелерді түсіндіреміз", - деді Алматы қаласы Nur Otan партиясы әуезов ауданық филиалының төрағасы, Әуезов ауданының әкімі Сайран САЙФЕДЕНОВ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер