Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда хабарландыру арқылы автобөлшек сататын алаяқ ұсталды

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2019 16:14 Алматы ПД баспасөз қызметі
Оның қала аумағында 10 рет алаяқтық жасағаны дәлелденіп отыр.

33 жастағы ер адам елдегі сұранысы жоғары көлік маркаларының автобөлшектерін арзан бағамен сататын жазып, хабарландыру ілген, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған қатысты ҚР ҚК 190 бабы – алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

- Ұсталған Р. есімді азамат танымал сайттарда BMW, Mercedes, Toyota және басқа да көлік маркаларының саймандарын сатамын деген хабарландыру жариялаған. Клиенттерін көбейту үшін тауар бағасын нарықтық құнынан төмен бағаға ұсынған. Клиентімен хат жазысу немесе сөйлесу кезінде ақшаның бір бөлігін немесе толық сомасын үшінші тұлғаның атына рәсімделгелген төлем картасына аударуды сұрайды. Сатушының міндетіне тауарды басқа қалаға салып жіберу қызметі де кіретін. Алайда алаяқ-сатушы ақшаны ала салысымен нөмірін ауыстырып, хабарландыруды алып тастайды, - деп хабарлады Алматы ПД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Одан кейін күдікті басқа нөмірмен басқа бөлшектерді суреттерімен бірге хабарландыруға қойған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды.

- Оның есебінде қала аумағында жасалған 10 қылмыстық эпизод бар. Ол кісі бұрын да осыған ұқсас қылмыстық тірлігі үшін сотталған, - деді Жанболат Зиадин.

Алматы полицейлері тұрғындарды интернет арқылы тауар сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: