Жаңалықтар тізбегі
0

"Терезеден секірдік". Алматыда жарылыс болған үйдің тұрғындары көздерімен көргенін айтты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2019 16:07 видеодан алынды
Куәгерлердің айтуынша,жарылыстың қатты болғаны сонша оны бірнеше жүз метрден естіген. Басқа көшедегі адамдардың өзі зардап шеккендерге көмектесу үшін осылай жүгірген.

11 қараша күні таңертең Жетісу ауданында Постышев көшесінде дүңк еткен жарылыстан бір сәтте талқаны шыққан үш қабатты үйдің тұрғындары болған оқиғаны баяндады. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газдың ауаға тарауы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Далада қалған Динара күйеуі екеуі қалған заттарын жинап, туыстарының үйіне бармақшы.Олар бір ай бұрын осында көшіп келген.

- Балалар мына жерде ойнап жүрген. Кенет есігіміз мына жаққа ұшып кетті, тура маған қарай ұшты. Терезенің әйнектері сынды. От енді бізге қарай келе жатты. Сондықтан, мен балаларымды жалаңаш күйі құшақтап, терезеге қойып кеттім. Сыртқа шыққан соң көршіме барып, балаларды сол арада қалдырдым. Одан кейін құжаттарым есіме түсті, ең құрмағанда соны алып үлгерейін деп ойладым, - деп еске алады сол қорқынышты таңды Динара Исмаилова.

Тұрғындардың айтуынша, газ тура мына пәтерде жарылған. Сол себепті тұрғын үйдің бірінші қабаты көп зардап шеккен. Қазір бұл жер қирандыға айналған. Бірақ жоғарғы қабат аман, ішінара зиян келген. Бұл үш қабатты үйде жалға алушылар тұрады. Екінші және үшінші қабаттардың тұрғындарын Құдай сақтаған. Олардың пәтерлері қатты зардап шекпеген.

- Таңертең жұмысқа жеткенмін, тоғызға он бес минут қалғанда әйелім қоңырау шалады. Ол үйде жарылыс болды дейді. Қазір төтеншеліктер, полиция, жедел жәрдем көлігі келіп, адамдарды алып кетті дейді. Міне, біздің есікті де жұлып кеткен. Сұмдық қой, - дейді Рүстем Жуазбеков
.

Мамандардың айтуынша, тұрғын үй 2015 жылы жеке жай ретінде газдандырылған. Мұнда бес құрылғы орнатылған. Үй иесінің қолында газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету келісімшарты болмай шықты. Төтенше жағдайдың алдын-ала себебі - табиғи газдың ауаға тарауы.

- 8:50-де шұғыл байланыс желісі - 101-ге Постышев көшесі, 64 Б үйде газ жарылғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына дереу кетті. Барлық басқа себептер анықталуда, - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айдын Дулатов.

Куәгерлердің айтуынша,жарылыстың қатты болғаны сонша оны бірнеше жүз метрден естіген. Басқа көшедегі адамдардың өзі зардап шеккендерге көмектесу үшін осылай жүгірген.

- Күшті жарылыс болды, бүкіл үй сілкінді. Терезеден қарасам, біреудің терезесі сынып жатыр. Сыртқа шығып, көршіге көмектестім. Адамдар көп болды. Жедел жәрдем көлігі келді, - дейді Кирилл Матвиенко.

Екі жасар баланың ата-анасы ауруханаға барудан бас тартқан. Олардың ұлы жеңіл жарақаттанған. Қазір зардап шеккен тағы үш адам №4 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, оларды қатты күйік шалған.

- 1983 жылғы ер адамның жағдайы өте ауыр. Оған аралас жарақат диагнозы қойылды. Денесін 100 процент күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Ер адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алуда. Науқастың жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. 2000 жылғы зардап шегушіге аралас жарақат диагнозы қойылған. Денесінің 85 процентін күйік шалған. ІІІ дәрежелі күйік. Жағдайы өте ауыр. 1996 жылғы науқастың диагнозы - І-дәрежелі күйік, яғни денесінің 22 процентін, атап айтқанда беті, денесін және аяғын күйік шалған. Науқастың жағдайы өте қиын, бірақ тұрақты, деп хабарлады №4 Алматы қалалық ауруханасының Күйік шалу бөлімінің бастығы Нұржан Биқоңыров.

Жетісу ауданының әкімдігіндегілер тұрғын үйді қалпына келтіру үшін үй иесіне 200 АЕК (шамамен жарты миллион теңге) көлемінде өтемақы берілетінін айтты. Төтенше жағдайлар мамандары қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: