"Манчестер Юнайтед" футболшыларына Нұр-Сұлтан көшелеріне шықпаңдар деген ескерту жасалды  

pixabay.com pixabay.com
-20 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының ойыншыларына ауа-райына байланысты Нұр-Сұлтан көшелеріне 10 минуттан артық уақытқа шықпау туралы кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz ESPN FC-ке сілтеме жасап.

"Манчестер Юнайтед" футболшылары Еуропа лигасы аясындағы матчын өткізу үшін Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Ол күндері Нұр-Сұлтанда шамамен 20 градус аяз болады деп күтілуде.

Ойынның өзі 28 қарашада 30 мың көрермен сыйдыратын жабық стадионда өтеді. Команданың барлық мүшелері мен қызмет көрсететін персоналға қажетсіз көшеге шықпау туралы ескерту жасалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз