Өзбекстан тұрғыны екінші әйел алғаны үшін жазаланды

annisa-today.ru annisa-today.ru
Бұл елде көп әйел алғандар қылмыстық кодекспен жазаланады.

Өзбекстанда тұрғын екінші әйел алғаны үшін бір жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл елде көп әйел алғандар қылмыстық кодекспен жазаланады.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, екі баласы мен әйелі бар ер адам 2016 жылы діни жолмен тағы бір әйелге үйленген. Екі әйел алған адам сот кезінде “заңды некедегі әйелі ауырып, оған ұл туып бере алмайтын жағдайға түскенін, сондықтан екінші әйел алғанын” айтқан. Екінші әйелі 2018 жылы өмірге ұл әкелген.

Сот отырысында ер адам өз айыбын мойындайтынын, бірақ бірінші отбасына да қажетті жағдай жасап отырғанын жеткізді.

Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз