Алматы мен Алматы облысында электр энергияның қымбаттауы туралы

ВЛАДИМИР ТРЕТЬЯКОВ (vlast.kz) ВЛАДИМИР ТРЕТЬЯКОВ (vlast.kz)
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і өз тарифін 16,36 теңгеден/кВтс-тан 15,9 теңгеге/кВтс-қа дейін төмендетті.

Бірқатар БАҚ-та ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап, Алматыда және Алматы облысында электр энергиясының қымбаттауы туралы ақпарат жарияланды.

Аталған факті бойынша ТМС тарифтік реттеу саласындағы уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і электрмен жабдықтау тарифін уәкілетті органмен келісілген деңгейге дейін өз бетімен төмендетуге немесе арттыруға құқылы екенін түсіндіреді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігі абиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і өз тарифін 16,36 теңгеден/кВтс-тан 15,9 теңгеге/кВтс-қа дейін төмендетті.

Алайда, ҚР Энергетика министрлігі бекіткен және электрмен жабдықтаудың соңғы тарифі тікелей байланысты электр станцияларындағы тарифтердің 68%-ға дейін өсуіне байланысты, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і өткен 2018 жылдың көрсеткіштеріне, яғни 16,36 теңгеге дейін тарифтерді қайтарып берді.

Сонымен қатар, электр тарифінің жаңа өсуі болған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз