Ректор Берік Ахметовтың падишаһ образында кәнизактар ортасында отырған видеосы тарады

видеодан кадр видеодан кадр
"Падишаһтың" қолы төске қарай тынымсыз жүгіре бергенінен ұялды ма, биші қыз ақша салуға мүмкіндік бермейді.

Есенов атындағы Каспий университетінің ректоры Берік Ахметов видеороликте ортағасырлық падишаһтың образына енген. Жартылай жалаңаш қыздар ортада билеп жүр. "Падишаһтың" екі көзі биші қыздың жартылай жалаңаш мүсінін "ішіп-жеп" барады. Бишінің кеудесіндегі лыпасына ректор Ахметов қайта-қайта ақша қыстырмақшы болады. "Падишаһтың" қолы төске қарай тынымсыз жүгіре бергенінен ұялды ма, биші қыз ақша салуға мүмкіндік бермейді.

Бейнероликті парақшасына салған белгілі журналист Тоқтар Жақаш ректордың қылығын әдепсіздікке балап, былай жазды:

"Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың назарына!

Танысып қойыңыздар: мына видеода жалаңаш қыздың емшегіне қайта-қайта ақша қыстырып, "жанталасып" жатқан "жартықұдай" - Ақтаудағы Есенов атындағы Каспий университетінің ректоры Берік Ахметов! Бәлкім, сол ақша жағдайы төмен отбасының аузынан жырып алып, баласының оқуы үшін тірнектеп тапқан тиыны шығар? Оны шетелдің жезөкшесіне шашатын Ахметов кім еді? Бәлкім, бұл видео Ахметовтың Түркиядағы көптеген "мың бір түндік" хикаясынан үзінді шығар? Ахметов кезінде Түркістан университетінде ғалымдарды қудалап, жұмыстан шығарып, орнына ғылыми атағы жоқ тамыр-таныстарын алумен бір айқай шығарған еді. Бірақ ол кезде бұрынғы білім және ғылым министрі Сағадиевтің арқасында аман қалып, қызметі Маңғыстау облысына көтеріліп кетіпті. Ахметов Ақтауда да бұрынғы әдетінен жаңылмаған. Ұнамайтын кадрларды қудалап, айналасына өз адамдарын топтастырумен айналысуда. Университет балансындағы асхана, мейрамхана, демалыс орыны сияқты көптеген нысанды "ақысыз-пұлсыз" тамыр-таныстарына "безвозмездно" таратып тастаған. Жетінші ықшамаудандағы Tofu деген кафе-бар да сол тізімде. Заң бойынша мұндай нысандар мемлекеттік сатып алу бойынша жалға берілуі тиіс. Бірақ Берік Ахметов заңға пысқырмаған. Күзге салым Ахметовтың заңсыз әрекеттерін тексерген мамандар бірталай былықтың бетін ашты. Бірақ Берік Ахметов жазадан тағы да сытылып шықты. Берік Ахметов қашанғы талтаңдайды? Әлде, ол расымен-ақ жартықұдай ма еді?!"

Ректор түскен бейнеролик желі қолданушылардың наразылығын туғызды. Белгілі адвокат, құқық қорғаушы Ләззат Ахатова "Айтқаныңызға толық қосылам, Тоқтар аға. Кім айтса да, рас ақпарат беріпті. Мен сол оқу орнында бір жыл істеп, осы айтылғандарға куә болғам. Бұл бер жағы ғана. Сізге көп нәрсені айтпапты. Мұның бәрін Ахметов мырза жалғыз өзі жасамайды, қолшоқпары, сондай тірліктер үшін арнайы әкеліп, ғылыми істер жөнінде проректоры етіп қойған Ермек Нұрмағанбет деген мырзаны атамасаңыз, қызық болмайды. Оларды бір-бірінен ажыратпай, бірге атау керек.Осы былықтарға көз жұмып отырған Білім министрі Аймағанбетов пен Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің басшысын да қоссаңыз, постыңыз толық болар еді. Мен үндемей жүр едім, ақыры шындық шығып жатыр екен ғой. Тамыз айында Маңғыстаудың антикорымен қозғалған іс әлі аяқталған жоқ. Абуов Әли деген тергеуші түлкібұлаңға салып, бірде-бір рет іс материалдарымен таныстырған жоқ. Шпекбаев мырза мұндай мамандарды қалай ұстап отыр? Тергеу жүргізудің өз мерзімі бар емес пе? Қысқартылса, қандай негіздермен қысқартылғаны туралы тараптарды хабардар ету керек", - деп жазса, Нұрбол Демешов деген азамат "Мұғалімдерге берілген үй қылып жоспарлаған бұрынғы жатахананы қайтарып алғанында қосып қойыңыз, бәлен жылдан кейін" деген пікір қалдырған.

Ал Зайыр Анасов деген желі қолданушысы "Біздің билік ондайларды көрмейді және оларға заң жоқ. Ал қара халықтың әр дәретіне шейін аңдып, қит етсе темір торға тығады" деп ренішін білдірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз