Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтары таныстырылды

Astana Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 21:45 Astana Hub
Қаржы министрлігімен салықты электронды түрде төлеу процесін жеңілдету басталды.

Бүгін "Astana Hub" Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің алаңында Open API форматындағы қызметтер мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын "Салық әмияны" жаңа сервисінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаржы министрлігімен салықты электронды түрде төлеу процесін жеңілдету басталды. Ол үшін салық төлеушінің бірыңғай электронды әмияны сервисіне көшу көзделіп отыр.

Шара барысында қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев "Салық әмиянының" жұмысын таныстырды. Сервисте қандай салық төлеу қажеті, айыппұл мен өсімдер туралы нақты ақпарат қамтылған. Сондай-ақ, салық төлеуші өзіне қандай салық салу нысандары тіркелгенін біле алады.

- Әмияннан ақша тиісті салық міндеттемелері туындаған кезде автоматты түрде аударылады. Бұл салық төлеушіге көптеген деректемелерді толтыруға уақыт жұмсамауға мүмкіндік береді – деді Р.Еңсебаев.

Сервистің "Бюджетпен есеп айырысу" және "Алдағы төлемдер" бөлімдерінде есептелген сомаларды төлеуді екінші деңгейлі банктердің, "Қазпочта" АҚ төлем карталарының көмегімен немесе телефон бірлігінен жүргізуге болады. Алдағы төлемдер сервисі төлем мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді.

"Салық әмияны" e-Salyq мобильді қосымшасының платформасында, электронды үкімет порталында (egov.kz) жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл қызмет желтоқсан айының соңынан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Homebank) мобильді қосымшасына, 2020 жылдан бастап Kaspi.kz мобильді қосымшасына енгізіледі.

Сонымен қатар, жиында ашық платформалар — Open API форматындағы қызметтер таныстырылды. Бұл IТ-компаниялар үшін әмбебап интерфейс, оның көмегі арқылы әзірлеуші екінші деңгейдегі банкке қосыла алады және өзіне қолжетімді деректермен өзара байланыстыра отырып жаңа өнім жасай алады. Мысалы, клиенттің келісімімен клиенттің түрлі банктердегі шоттары туралы ақпаратқа бірыңғай рұқсат бере алады. Бұл жайлы "Электронды қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Біржанов айтып берді.

- Электронды мемлекеттік сатып алу порталының деректерін пайдаланатын 160-тан астам ұйым тіркелген. Жүйе тапсырыс берушілердің тауарларды жеткізуге, жұмыстар мен қызметтерге қажеттіліктері, оларды шоғырландыру, сатып алу процедуралары, жеткізушіні сәйкестендіру, электрондық келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуы туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді – деді Д.Біржанов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 21:45

Қазіргі уақытта электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мәліметтерді беру бойынша 60-тан астам мемлекеттік қызмет енгізілген. Сондай-ақ, 40-қа жуық ұйым осы API қызметтеріне қол жеткізді.

Іс-шара барысында Kaspi.kz, Халық банкі, Uchet.kz, Бірінші несиелік бюро, "Компра" ЖШС, I Коммерция осы API қызметтері негізінде жасалған қызметтері туралы толығырақ айтты.

Қорыта айтқанда, 2020 жылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында көптеген іс-шара жүзеге асырылады. Атап айтқанда, салық төлеушінің электронды әмияны, үш компонентті интеграцияланған жүйе енгізіледі. Патентті қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі шектеледі. Өзбекстанмен шекарадағы өткізу пунктін қайта құру аяқталып, Қытайдан алынатын займмен 10 өткізу пунктін қайта құру басталады. ЕурАзЭҚ аясында тауарларды қадағалау ақпараттық жүйесі енгізіледі. Қытаймен экспорттық декларациялардың мәліметтерімен толық алмасу жүзеге асырылады.

Осылайша, Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендіруді барынша тиімді ету үшін кешенді шараларды қабылдауда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: