Еңбек министрі қысқартылған жұмыс кестесі кімдерге бұйыратынын айтты

careerist.ru careerist.ru
Толық емес жұмыс күнінен енді жүкті әйелдер мен үш жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер ғана үміт артып қана қоймайды.

Үйінде ерекше күтімді қажет ететін жақын адамы барларға қысқартылған жұмыс кестесі ұсынылады, деп хабарлайды zakon.kz "Евразия" Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Толық емес жұмыс күнінен енді жүкті әйелдер мен үш жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлерден бөлек, үйінде ерекше күтімді қажет ететін ата-анасы, баласы немесе жұбайы барлар да үміттене алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңға осындай түзетулер енгізуді ұсынды, мұны депутаттар жапа-тармағай қолдады. Алайда жұмыста мұндай "артықшылыққа" ие болу үшін дәрігердің медициналық қорытындысы керек екен.

- Жалақы "Еңбек кодексіне" сәйкес төленеді, яғни нақты жұмыс істеген уақыты үшін, ал толық емес жұмыс кестесін ұсыну тәртібі мен шарттары медициналық-консультативтік комиссияның қорытындысымен анықталады. Мысалы, егер мүгедектік тағайындалмаса, онда толық емес жұмыс күні 6 айға дейін беріледі, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, министр елдегі өткен жылға жалақы бойынша қарыздар туралы да айтты. 5 миллиард теңгеден асты. Жұмыс берушілер қарыздың бір бөлігін төледі, шамамен 1,5 миллиард қалды, осыған байланысты жалақы бойынша берешек үшін жазаны қатайту, сондай-ақ іскерлік есеп шоттарын бұғаттау және олардың мүлкін тәркілеуге мүмкіндік беру жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз