Жаңалықтар тізбегі
0

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

ortcom, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2019 16:48 ortcom
Ол жаңа лауазымға ҚР Үкіметінің және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалды.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Томпиева Салтанат Еркінқызы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Томпиева Салтанаттың Азаматтық авиация комитетінде еңбек өтілі 20 жылдан астам. Азаматтық авиация саласындағы еңбек қызметін Томпиева Салтанат 1998 жылдан Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.

1999-2008 жылдар аралығында Стратегиялық жоспарлау бөлімінің, әуе қызметтері нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан 2012 жылға дейін - Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының басшысы, Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас мемлекеттік авиация инспекторы – басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011 ж.), "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл" (2016 ж) мерейтойлық медальдарымен, "Құрметті авиатор" ведомстволық төс белгісімен (2014ж.), "Ерен еңбегі үшін" Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен (2017 ж.) марапатталған.

Білімі:

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша (1994-1998 жж.)

TBS ( Toulouse Business School) - Aerospace MBA (2018-2020 жж.)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: