Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақ байлары басқасымен ұшады, кедейлер арзанға билет алады

Бізде әуе қатынасы саласы да тапқа бөлініп кеткен ғой.

Сурет : inform.kz27 Желтоқсан 2019, 12:36

"Фоккер" компаниясы 1996 жылы банкротқа ұшырап, содан бері олар ұшақ жасап шығармайтын болған. Соның кесірінен ұшаққа арналған қосалқы бөлшектерді табу, инженерлік жөндеу жүргізу, керек-жарағын зауыттың тікелей өзінен алдыру сияқты жұмыстар да біржола тоқтаған екен, деп жазады желіде журналист Жолымбет Мәкіш.

Қалған-құтқандары қазір Қазақстан секілді мешеу мемлекеттерде, "үшінші әлемдегі елдер" деп аталатын "дамыған" мемлекеттердің әуе кеңістігін шарлап жүр.

- "Бек эйр" да сол қаңсықты құр сүлдері қалғанша пайдаланып жүрген компанияның бірі болатын. Бізде әуе қатынасы саласы да тапқа бөлініп кеткен ғой. Байлары – басқасымен ұшады да, кедейлері – қайсысы арзандау, соған барып билет алады. Адамдардың таңдау еркі бар өтірік деп көсемсігенімізбен, бұл дегеніңіз барып тұрған диверсия. Бұл – түбі бір болуы тиіс апат болатын. Қанша мықты дегеніңмен, кез келген самолеттің ресурсы, пайдаланатын мерзімі болады. Біз сол шектеулі уақытынан асыра пайдаланып, екі ортада адамдарды (кедейлерді) жазым қылып отырмыз. Жазды күні осындағы бір досым Скатпен ұшыпты. 2000 жылдары шыққан ұшақтың борты толған қытайша жазу дейді. Қытайда оны әбден пайдаланып алып, жауыр болып біткен, өзін әрең алып ұшатын ұшақты сосын бізге сата салған секілді, - деп жазады ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер