Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Өскеменде көшеден қансырап жатқан қыз табылды

Қыз шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Сурет : yk.kz31 Желтоқсан 2019, 09:57

Күзетші сарбаздар өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып, аман алып қалды. Бұл 29 желтоқсанға қараған түні болды, деп хабарлайды zakon.kz yk.kz-ке сілтеме жасап.

№5518 әскери бөлімінің кезекші сарбаздары "Құқықтық тәртіп" шаралары бойынша көшені сүзу кезінде Гагарин бульварындағы балаларға арналған ойын алаңында қансыраған қызды байқаған.

Табыс Қайсар топ жетекшісі Ермек Уәлиевке рациямен шығып, олар бірге қыздың қолын резеңмен байлап, қанды тоқтатып алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған.

№5518 әскери бөлімінің әскерилері оқиға орнын қоршауға алды. Қыз шұғыл ауруханаға жеткізілді. Сөйтсе жігітімен ұрсысып қалған қыз тамырларын кескілеген. Үлбі ауданының жедел тобы дәл сол жерден қанға боялған лезвіні тапты.

- Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлімі, яғни «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тіркелді, - деді «Шығыс» РгК баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер