Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындау үшін құжаттар 5 қаңтардан бастап қабылдана бастайды

Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз) қарастырылған.

Сурет : Ашық дерекөздерден алынды31 Желтоқсан 2019, 10:19

Елордада халықты АӘК барынша қамту және АӘК тағайындау бойынша сапалы тәсілді қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап азаматтарды қабылдау басталады, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалады. Мысалы, құжат 20 қаңтарда тапсырылса, төлем толық ай бойы төленеді.

Құжаттар "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарында қабылданатын болады. Хабарласқан азаматқа, өтініш, жеке куәлікті ұсыну керек.

Сондай-ақ АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркелген болуы керек. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз) қарастырылған.

Жәрдемақы мөлшері: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 бала – 53 127 теңге; 6 бала – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңгені құрайтын болады.

Құжаттарды қабылдау "Есіл", "Сарыарқа", "Байқоңыр" және "Алматы" аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ "Жанұя" отбасын қолдау институтының орталығында, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдіктерінде жүргізіледі.

Жоспар бойынша 14 мыңға жуық адамды қамту қарастырылып отыр. Сондай-ақ АӘК алатын аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы АӘК-пен 8 мыңнан астам отбасы (38998 адам) қамтылды, оның ішінде 5 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Мұның алдында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев және Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шымкент қаласы және Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ХҚКО қызметкерлеріне және аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа ережелерін түсіндірген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер