Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Маңғыстау облысында түйелер жаппай ауыруда деген ақпарат жүр

Аймақтың эпизоотиялық жағдайы Маңғыстау облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында.

Сурет : ҚР АШМ31 Желтоқсан 2019, 11:07

Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының және Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының деректері бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде түйелердің шешегіне күдік туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында - 6 бас түйе, қазан айында - 3 бас түйе, желтоқсан айында - 5 бас түйе.

Эпизоотологиялық тексеру және сынама алу үшін "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" РММ (бұдан әрі – "ВБҰРО" РМК) қызметкерлері бірнеше рет жіберілді.

"ВБҰРО" РМК хаттамалық сынақтарға сәйкес қыркүйек және қазан айларында алынған биологиялық сынамалар – теріс.

Желтоқсанда қосымша түйелердің сынамалары алынып "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК Маңғыстау облыстық филиалына жіберілді, кейін "ВБҰРО" РМК-ға қайта жіберіледі.

Ауру жануарлардың арасында өлім жоқ, клиникалық белгілері бойынша түйенің шешегі алынып тасталады.

Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында А.Ж. 16-21 қазан аралығында зерттеу мақсатында қосымша 45 түйеден (Маңғыстау ауданы - 6 бас, Қарақия ауданы - 33 бас, Жаңаөзен - 6 бас) биологиялық материал іріктелді.

Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін "ВБҰРО" РМК жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, оның ішінде аусыл, пастереллез, листериоз, сібір жарасы, туберкулез және шешек ауруларына жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты.

Нәтижелер Комитеттің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясына жіберілді.

Қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі зерттеу үшін Манғыстау облысына 2020 жылдың қаңтар айының басында Комитеттің, "ВБҰРО" РМК, "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК өкілдерінің "Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институты" ЖШС жетекші ғалымдарының баруы жоспарланған.

Маңғыстау облысының ветеринария қызметі тарапынан тұрақты негізде халық арасында ветеринария саласындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өту қажет. 2019 жылы аудандық және қалалық инспекциялар түсіндіру жұмыстары мен семинарлар өткізді - 308, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарлары аурулары бойынша - 23.

Аймақтың эпизоотиялық жағдайы Маңғыстау облысының ветеринариялық қызметінің бақылауында.

Анықтама: 26.12.2019 ж. жағдай бойынша АЖЖ базасында тіркелген Маңғыстау облысындағы түйелердің жалпы саны-69 022 басты құрайды, оның ішінде аудандар бойынша:

Маңғыстау - 23 258 бас; Бейнеу - 19 605 бас; Қарақия - 11 478 бас; Түпқараған – 7 212 бас; Мұнайлы - 4 995 бас; Ақтау қ. - 178 бас; Жаңаөзен қаласы-2 296 бас.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер