Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Шымкентте көліктер жаппай соқтығысты, екеуі полицияға тиесілі

Апаттан зардап шеккендер жоқ.

Сурет : vrk.news31 Желтоқсан 2019, 11:17

Шымкентте бір мезетте төрт көлік соқтығысты, оның екеуі полицияға тиесілі, деп хабарлайды zakon.kz VRK.Newsco-ға сілтеме жасап.

Полициядағылардың мәліметінше, ВАЗ-21099 маркалы көліктің жүргізушісі Тәуке хан даңғылы мен Әблязимов көшесінің қиылысында тыйым салынған екінші жолақтан бұрыламын деп полицияның Jac-S5 көлігіне соқтығысқан, қатты соққы салдарынан арнайы қызметтік көлік қарсы беттегі жолға ұшып, Шымкент полиция департаментінің тағы бір полиция көлігі - Toyota Corolla-ны, содан соң Chevrolet Laccetti көлігін түйіп кеткен.

Апаттан зардап шеккендер жоқ.

ВАЗ-21099 автомобилінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер