Жаңа жылдан бастап Алматы көшелерінде абайламаған жүргізушілердің қаржылық-қарыздық жағдайы одан сайын нашарлайды: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалада жаңа "Сергек" камералары іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала көшелерінде 400 жаңа камера іске қосылады.
Камералар рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, рұқсат етілмеген жерде тоқтау мен тұру және автобус жолағымен жүру сияқты ереже бұзушылықтарды тіркеп, көлік иесіне айыппұл жазып бере алады.
Жол ережесін бұзу деректері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеле бастайды.
Полиция автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап жүруге шақырады.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?