Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Жомарт Ертаев ұры екенін мойындады

Экс-банкирге алдын ала келісім бойынша топтасып бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу деген айып тағылуда.

Сурет : kursiv.kz6 Қаңтар 2020, 12:33

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев ірі көлемдегі ақшаны жымқыру және заңдастыру кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот залынан.

Алматыда сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды және ақшаның ізін жасырды деген күдікпен кәсіпкер және қаржы сарапшысы Жомарт Ертаевтың соты жалғасуда. Бұрынғы банкирден бөлек тағы 36 адам айыпталуда. Жәбірленушілер саны – үшеу.

Істі Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий қарап жатыр. Іс 700 томнан және 46 бөлімнен тұрады. Айыптау акті 280 беттен тұрады. Ол бірнеше күн оқылды.

6 қаңтардағы отырыста судья Роман Селицкий Жомарт Ертаев пен оның сыбайластарына тағылған айыпты оқып берді. Банкирге алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу деген айып тағылуда (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Ол ұйымдастырушы деп танылды.

- Мен кінәмді толық мойындаймын, - деді Жомарт Ертаев.

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру және жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Жалған қарыз алушылар мен қылмыстық "схема"

2019 жылдың 26 ​​желтоқсанында айыптауды оқыған прокурор 2009 жылы Жомарт Ертаев "Альянс Банкі" ісі бойынша қамауға алынғанын айтты. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 220-бабының 1-бөлігімен "Банк қаражатын заңсыз пайдалану" бойынша айып тағылған.

Ол тоғыз ай тергеу изоляторында отырып, 2010 жылы босатылды. Ал 2011 жылы ол осы іс бойынша екі жылға шартты түрде сотталды. Прокурордың айтуынша, Ертаев 2010 жылы тергеу кезінде өзін Bank RBK-ның негізгі басшыларының бірі ретінде көрсеткен.

Банкте жұмыс істеген жылдары Жомарт Ертаев пен оның сыбайластары несие беру мен алудың алаяқтық схемасын ұйымдастырды. Олар жоқ кепілзатты бар деп, жалған қарыз алушыларға несиелер берген деп күдіктелуде. Сонымен қатар, банктен алаяқтық жолмен ірі сомалар алынған. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін кассалар құжатсыз жеке мақсаттар үшін ақша беріп келген.

Болжам бойынша, бұл қаражат ішінара сол кезде Bank RBK директорлар кеңесінде болған Ертаев пен оның әйелі Нұргүлдің шоттарына аударылды. Бес жыл ішінде 3 миллиардтан астам (8 миллион долларға жуық) несие берілді.
Еске сала кетсек, Ертаев ісі бойынша 12 желтоқсанда алдын ала тыңдау өтті.

Тоғыз айыпталушының, оның ішінде Жомарт Ертаевтың қамауға алу мерзімін 2020 жылдың 28 мамырына дейін ұзартты. Қалғандары кепілмен босатылды.

Ертаев не бүлдірді

Жомарт Ертаев Bank RBK-ға тиесілі ірі соманы – 144 миллиард теңгені (қазіргі бағаммен 373 миллион доллар) жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметінше, лауазымын асыра пайдаланып, банкир бұл соманы 2011 жылдан 2017 жылға дейін ұрлап үлгерген.

ҚР ІІМ Ертаев Bank RBK АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған кезінде "80 миллион доллардан асатын соманы жалған ЖШС-ке несие беруге ақпал етті, сондай-ақ қарызды қайтармау мақсатында іс-қимыл жасады" деп санайды.

Күдіктілердің арасында тағы 54 адам болған, олардың арасында банктің жетекші менеджерлері де, қарапайым қызметкерлері де болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер