Жаңалықтар тізбегі
0

Досым Сәтпаев қазіргі билікке не қауіпті екенін айтты

elitar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 21:35 elitar.kz
Сондай-ақ саясаттанушы тұрақтылықты тұралаумен шатастыруға болмайтынын айтады. Оның пікірінше, бізде тұрақтылық емес, тұралау болып жатыр.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев қазіргі билікке не қауіпті екенін ашып айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көшеге 20-30 адам шықса, билік қорықпайды. Бәрі бақылауда деп ойлайды. Өйткені көшеге 100-200 мың адам шығып жатқан жоқ қой дейді. Соған малданады. Бірақ олар қатты қателеседі. Өйткені ең қауіпті нәрсе – ол пассивті наразылық", - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев Youtube-тегі ALIBEKOVKZ арнасына берген сұқбатында.

- Пассивті наразылық дегеніміз не? Бұл - үстел басында отырып, билікті жамандау. Сыртқа шығармайды, бірақ үстел басында айтады. Ал ондай адам 20-30 мың ғана деп ойлайсыз ба? Яғни, бұл қазіргі билікке ешқандай сенімі де, сыйластығы да жоқтар. Мысалы, оған Кеңес одағы дәлел бола алады. Кеңес Одағы құлаған кезде бәрі қуанды. Ешкім қайғырған жоқ. Коммунистердің қатарында қанша адам еді? Миллиондар еді ғой. Солар жоқ боп кетті. Төңкеріс болғанда кім қорғады совет билігін? Тек қарулы күштер ғана. Ал халық құрыса құрып кетсінші деді. Қазір Қазақстанда да тура сондай жағдай. Экономикалық жағдайымыз мәз емес. Саяси нарызылық күннен күнге өсіп барады. Пассивті наразылық та өте үлкен. Бұл - бір өзгеріс жасамаса, болмайтынын көрсететін факті. Саяси және демократия тұрғысындағы реформаны айтамын.

Мысалы, араб елдеріндегі төңкерісті алайықшы. Араб билігі ешқашан халық бас көтермейді деп ойлаған. Өйткені менталитеттері де бізге ұқсас, көндігу жағынан. Бірақ олар да бас көтерді . Ешкім күткен жоқ оны. Неге көндігіп келген халық аяқ-асты көтерілді деп ойлайсыз? Өйткені, біріншіден пассивті наразылық шегіне жетті. Екіншіден, қазіргі заман басқа. Технология қатты дамып жатыр. Қазіргі жастар жан-жағына қарайды. Билік оған жақсы жағдай ұсына алса ғана көнеді. Әйтпесе шетелге кетеді. Бірақ ол бәрібір өз үйі емес қой. Кез келген адам өз үйінде жақсы болса дейді. Түбі бұл үлкен өзгеріске алып келеді.

Сондай-ақ саясаттанушы тұрақтылықты тұралаумен шатастыруға болмайтынын айтады. Оның пікірінше, бізде тұрақтылық емес, тұралау болып жатыр.

- Бірақ оны тұрақтылық секілді көрсетуге тырысады. Не үшін? Әрине, ештеңені өзгертпес үшін. Бірақ бұл арадағы қауіпті нәрсе, тұралау да созылып кетті ғой бізде. Көп тұрған нәрсе бүлінеді. Бұл – заңдылық. Арабтар да солай істеген. Өзгертмейтін нәрсені, міне, тұрақтылық деген осы деп құр сөзбен алдап келген, - дейді ол.

Саясаттанушы авторитарлы елдің төңкеріссіз-ақ демократиялық мемлекетке айналуға толық мүмкіндігі барын айтады. Бұл ретте Оңтүстік Кореяны мысал алуға болады дейді.

- Оңтүстік Корея кезінде авторитарлы мемлекет болған. Тіпті, одан кейін әскери диктатура да болған оларда. Ал қазір көріп отырмыз, тіпті президенттерін соттап, түрмеге отырғызып жатыр. Сондай деңгейге жетті. Қазір оларда сайлау демократиялық тұрғыда болады, саясаткерлер таза бәсекелестікпен билікке келеді. Көрдіңіз бе, Оңтүстік Корея да авторитарлы мемлекетттен демократиялыққа өз аяғымен келді. Ешқандай төңкеріс те болған жоқ. Қазақстан да солай ете алады. Оңтүстік Корея оған қалай келді? Онда билік басына келген әр президент демократиялық құндылық пен стандарттарды жаңғыртып отыруға тырысты. Олардың ешқайсысы саяси реформалық проблемаларды консервациялап тастауға тырысқан жоқ біздегідей...

Сұқбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: