Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полицейлерге пара бермек болған жүргізуші ұсталды

professionali.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2020 17:55 professionali.ru
"Мерседес" көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне 7 мың теңге ұсынған.

Кентау қаласындағы көшелерді патрульдеу кезінде, Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының автоэкипажы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "Мерседес Бенц" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісі М. Әуезов көшесінің бойымен қозғалғанда, қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің құжаттарды тексеру барысында заңды бұзған жүргізушіде жүргізуші куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және міндетті сақтандыру шарты жоқ екенін анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау барысында "Мерседес" көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне әкімшілік жауапкершілікті болдырмау мақсатында 7 мың теңге ұсынған. Пара беру ретінде қаралатын бұл әрекетке полиция тарапынан ескертулер жасалды. Алайда оған қарамастан, жас жүргізуші өз іс-әрекеттерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын біле отырып, қызметтік көлік құралдарының панеліне ақшаны қойған. Бұл полицейлердің бейнежетондарында тіркелді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі "Пара беру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оларды атап айтсақ: 612-бабының 1-бөлігі "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы", 614-бабының 1-бөлігі "Көлік құралдарының жүруіне кедергі жасау" және 230-бабының 2-бөлігі "Міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу". Тәртіп бұзушының автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: