Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Рубльдің қымбаттауы Қазақстанда бензин бағасының тағы өсетінін білдіре ме - сарапшы пікірі

Қазіргі RUB/KZT бағамын ескерсек, АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 24,4 рубль болады, ал Ресейде мұндай отын түрінің бір литрінің орташа бағамы 41,7 рубль.

Сурет : sotnibankov.ru14 Қаңтар 2020, 12:24

Рубль тағы қымбаттады. Мұның Қазақстан экономикасына әсер қандай? Бұл сауалға Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының басқарушы директоры Олжас Төлеуов өзінің Телеграмм-дағы Tengenomika арнасында жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшы Mәскеу қор биржасында рубльге шаққандағы АҚШ ақшасының құны 61,09-61,1-ге дейін төмендегенін (2018 жылғы сәуірдегі ең төменгі деңгейге жетті), бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келісімшарттарының бірінші кезеңінің аяқталуына және Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты орын алғанын айтты. Ол осыған байланысты соңғы аптада долларға шаққанда теңгенің нығаюына да әсер еткенін баса атап өтті. Дүйсенбіде, 13 қаңтар Қазақстан қор биржасында теңгеге шаққанда АҚШ долларының құны 378,3 деңгейінде қалыптасты.

- Сонымен бірге, АҚШ долларына қатысты қолданыстағы бағаны Қазақстанның қазіргі макроэкономикалық жағдайына жеткілікті екенін Ұлттық банк хабарлап отыр, демек енді оны қайта жоғарлатуға уақыт келген секілді. Алайда, осы жайтқа байланысты биржада 1998 жылдың қазан айындағы максимальды деңгей тіркеліп, рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, ол 13 қаңтардағы валюта сауда-саттығының қорытындысы бойынша 6,22 теңгені құрады, бұл өткен жұмадағы бағамен салыстырғанда бүтін бір процентке артық көрсеткіш, деп жазды Олжас Төлеуов.

Сарапшы теңгеге шаққанда рублтдің қымбаттауы негізсіз деп санайды, бірақ ол ішкі инфляциялық қауіп-қатерді есепке алынып жасалған болуы мүмкін. Атап айтқанда, Ресеймен арадағы импорт-экспортқа байланысты. Ресейден тасымалданатын тауарлар бағасы қымабаттауы ықтимал. Мұның ақыры, мысалы Қазақстандағы бензиннің қымбаттауына әкеліп соғуы мүмкін. Айтпақшы, қазіргі RUB/KZT бағамын ескерсек, АИ-92 маркалы бензиннің 1 литрі 24,4 рубль болады, ал Ресейде мұндай отын түрінің бір литрінің орташа бағамы 41,7 рубль.

"Бұлайша Ұлттық банктің теңге бағамын қолдан басқаруға шартты түрде қайта оралуы халықтың күдігін оятып, девальвациялық қауіп-қатерді күту көңіл-күйін қалыптастыруы мүмкін, Осылайша ол халықтың Қазақстандағы қазіргі ақша-несие саясатына деген сеніміне селкеу түсіреді", - деп сөзін қорытындылады сарапшы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер