Мас жүргізуші капотқа секірген полиция қызметкерін 3 шақырым алып жүрген

видеодан алынды видеодан алынды
31 жастағы құқық бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент қаласында мас көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып, капотында 3 шақырымға дейін алып жүрген,-деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Тұрар Рыскулов көшесі бойында "Mitsubishi Galant" автокөлігінің мас жүргізушісі "Audi-80" маркалы көлікпен соқтығысты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "Mitsubishi Galant" автокөлік жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді сұраған. Бірақ ол құжаттарын көрсетуден бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Ал көліктің жолын бөгеген полицейді ол қағып, капотына іліп алып, 3 шақырымға дейін бірге алып жүрген.

Құқық бұзушы полицейлерден қашып құтыла алмады. Ол сол мезетте ұсталып, оны патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкерлері бірден медициналық тексеруге жеткізді.

31 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 2-бөлімі, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 610-бабы, 1-бөлімі, яғни "Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс-жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Қызметкер ешқандай дене жарақатын алған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз