"Қазақ аруы" байқауындағы жүлделі орындар сатыла ма?

видеодан алынды видеодан алынды
Бірақ талантыңызға дау болмаса, Баян Алагөзова доданың ережесін бұзуға да дайын. Ондай бір жағдай болған да екен.

Продюсер Баян Алагөзова 10 жылдық тарихы бар "Қазақ аруы" жобасы маңындағы алып-қашпа сөздерге түсінік берді, деп хабарлайды shownews.kz.

"Ағалар, апалар, таныстарымның таныстары, тағы басқалар хабарласады. "Қыздар кастингке келіңдерші" деп айтамын. "Орын қанша тұрады" деп сұрайтындар да бар. Орын сатылмайды. Бұл жерде нағыз қазақ аруы жеңеді. Міне, көріп тұрғандарыңыздай бәрі әділ өтуде. Біреуді әкеліп қоятындай жағдай емес. "Қазақ аруы" осы он жылдың ішіндегі - ең әділ конкурс. Бірде-бір рет ұрыс-керіс болмады", – дейді Баян Мақсатқызы.

Ппродюсер бойжеткендерді іріктеу барысында, вокалдық деңгейіне үлкен мән береді. Даусы мен білімі сәйкес деп тапса Баян Мақсатқызының тізіміне түртіліп, болашақта "KeshYou"-дің құрамына қабылдануы әбден мүмкін.

Байқау қатысушыларына әншіліктен бөлек бірнеше талап қойылған. Үміткерлер мемлекеттік тіл мен қазақ тарихын жетік меңгеріп, он саусағынан өнер тамған әрі бойшаң сылқым болуы қажет. Бірақ талантыңыз Баян Алагөзованы тәнті етсе, доданың ережесін бұзуға да дайын. Ондай бір жағдай болған да екен.

"Айпақшы, Гүлназ Жоланованың бойы талапқа сай келмеді. Меніңше, қатысушылардың арасындағы ең қысқа қыз болды, шамамен - 167-168 см. Бірақ көргендеріңіздей, тәждің иесі атанды", – дейді Алагөзова.

Гүлназ Жоланованың актрисалық қабілетін алыстан байқай білген Баян ханым, байқау шартына қарамай оны алға шығарған. Қазір ол - еліміздегі танымал жас актрисалардың бірі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз