Саудагерлер Қытаймен арадағы жағдайды пайдаланып, бағаны негізсіз көтеріп жатыр

inbusiness.kz inbusiness.kz
Пайдақұмар саудагерлер Қытаймен арадағы шекараның жабық болуын сылтау етіп, кейбір тауарлардың бағасын көтере бастаған.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазіргі уақытта бірқатар саудагерлер Қытаймен арадағы шекараның жабылғанын тиек етіп, өнімдерінің бағасын көтере бастағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазіргі уақытта бірқатар саудагелер Қытаймен арадағы шекараның жабылуын тиек етіп, өнімдерінің бағасын көтере бастады. Осыған байланысты, мен Қазақстаннан Қытайға, Қытайдан Қазақстанға ағылған тауарлар айналымы тоқтамағанын хабарлаймын, - деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Министр бұл бағаны қолдан көтеріп, пайда табу мақсатында осы жағдайды сылтау қылған арамза бизнесмендердің іс-әрекеті деп санайды.

- Егер сіз осындай жағдайға, сондай-ақ базарлардағы немесе бөлшек сауда орындарындағы бағалардың қасақана көтерілгенін байқаған болсаңыз, ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мына сенім телефонына (7172) 75-16-32, (7172) 749832 немесе t.me/consumerprotectionKZ деген телеграмм арнасына хабарлаңыздар. Біз тез арада жауап беріп, бұл келеңсіздіктердің көзін жоямыз, - деді ол.

Сонымен бірге, министр 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 10,4% құрағанын атап өтті.

- Осы жылдың қаңтар айында біз бағаның маусымдық сипатта өсіп, оның 0,3% болғанын байқадық. Оның үстіне, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 2 есе аз және алдыңғы жылдардың алғашқы айларындағы бағаның өсуімен де салыстыруға болады. Егер дұрыс түсім болмағанын, экспорт сынды барлық объективті факторларды алып тастасақ, кей жерлердегі баға өсімі бұл әкімдіктердің бағаларды бақылау және мониторингтеу бойынша уақтылы жедел шаралар ұйымдастырып, белсенді әрекет етпеуінің салдарынан туындайды, - деп түйіндеді сөзін Сұлтанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз