Алматыда халық санағына қатысты алаяқтық фактісі тіркелген жоқ - полиция

habr.com habr.com
Әртүрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан мұндай мағынадағы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Алматы қалалық полициясы халық санағына қатысты алаяқтық туралы ақпарат жалған екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы полиция департаменті "қалада халық санағын жүргізіп жүрміз" деп пәтерлерді аралап жүрген белгілісіз біреулер туралы алаяқтық жағдайы тіркелмегенін, ондайдың болмағанын ресми түрде мәлімдеді.

Жалпы, азаматтар тарапынан да шағымдар болған жоқ. Әртүрлі мессенджерлер арқылы тарап жатқан мұндай мағынадағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты біз азаматтарды тек мемлекеттік органдардан келіп түскен хабарламаларды назарға алуға және күмәнді дереккөздер таратқан ақпаратты ары қарай "ауызша" таратпауға шақырамыз, оның салдарынан тұрғындар арасында негізсіз дүрбелең туындауы мүмкін, - дейді қалалық полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз