Берік Уәли: Президент Әкімшілігі қызметкерлері санына қатысты тарап жатқан ақпарат жалған

Bezva Bezva
Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Президент Әкімшілігі аппараттарындағы қызметкерлердің саны туралы қауесетке түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Берік Уәлидің айтуынша, әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр.

- Шындығында Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз. Жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз