Жамбыл облысы полициясының басшысы жаңадан тағайындалды

kg.utro; polisia.kz kg.utro; polisia.kz
Бұл лауазымды қызметке Жанат Сүлейменов келді.

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.

"Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды" делінеді хабарламада.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-02/1581345307_58.jpeg

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы Қарағанды облысы Кең жарық ауылында дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Арман Молдиярұлы Оразалиев Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысумен атқаратын қызметінен босатылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз