Ақтөбеде туысқаны екі жыл бойы зорлап келген мүгедек қыздың анасы әділдік іздеп шарқ ұрды. Ол қылмыскерді қатаң жазалауды сұрап отыр. Бұған дейін сотқа жолданған іс прокурорларға кері қайтарылған. Өйткені, судья зорлау оқиғасы болған күнді нақтылауды талап етіп отыр екен. Ал жәбірленген бойжеткеннің қорғаушысы мен анасы, өзі әрең сөйлейтін, мүгедек, дімкәс қыздан оны анықтау қиындық келтіретінін айтты.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
"Бәрі үйде қорлықты көрсеткен, көзіміздің алдында. Еще дело оставляет на рассмотрение, расмотрение деп. Не знаю, как можно защищаться от насильника? Шайтан ғой, шайтан. Анда-мында жүгіріп неше түрлісін істеген".
"Там не было указано, время, число но менің қызым қалай оны айтады? Оны айта алмайды. Тек бәрін көрсетеді, әрекетін, не істегенін. Қызым мүгедек, қалай оны құлағы естімейді, оны айта алмайды ғой. Оны тек көрсетеді. Не істегенін. Маған да, сотқа да көрсетеді керек болса. Мен ойлаймын, дұрыс шешім шешеді деп судтан. Жазасын берсін қызымды қорлағанына".
Екінші топтағы мүгедек қызды зорлады деп күдіктелген ер адамға қатысты сотқа жолданған іс прокуратураға қайтарылды. Тергеушілерге жәбірленушіге нақты қай күні зорлық жасағанын анықтауды талап етіп отыр. Алайда, қорғаушы ересек адамның өзі қай күні қай оқиғаның болғанын ұмытып жатқанда, мүгедек адамнан оны анықтау қиын екенін айтып отыр.
Бауыржан Иманов, облыстық адвокаттар алқасының адвокаты:
"Тергеу органы істі қалалық сотқа жіберген. Бірақ, бірінші инстанцияда судья оқиға болған күн көрсетілмегенін ескертіп, істі прокуратураға қайтарды. Сот қаулысымен келіспеген прокуратура істі апелляцияға жолдады. Біз де мұны құптағанбыз. Бірақ, сот пікірі бірінші қаулымен қалды. Оқиға болған күнді нақтылауды сұрайды. Бірақ, сал ауруына шалдыққан адамнан оны анықтау мүмкін емес. Ол өзіне түртіп алып жүрмейді ғой".
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?