Коронавирус Грузия мен Финляндияға жетті

Pixabay Pixabay
Бір тәулікте коронавирус 10 елде расталды.

Грузия мен Финляндияда коронавирус жұқтырған адамдар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz әлемдік БАҚ-тардың ақпараттарына сілтеме жасап.

Вирус Ираннан Әзірбайжан арқылы келген Грузия азаматынан шықты. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, - деді Грузияның денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе.

Финляндияда инфекция Италиядан келген ел азаматынан табылды.

Осылайша, соңғы тәулікте тағы бірқатар елде коронавирус расталып отыр.

Мұның алдында вирус жұқтырған мемлекеттердің тізіміне Австрия, Румыния, Грекия, Алжир, Швейцария, Испания және Хорватия қосылды.

Қазірге дейін әлемнің 36 елінде 81 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Олардың 3000-ға жуығы қайтыс болды.

1 наурыздан бастап Қазақстан коронавирусқа байланысты Оңтүстік Корея мен Иранға ұшатын рейстер санын қысқартады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз