Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрақты әуе рейстерін шектеуге қатысты ақпарат 

tv21.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2020 17:16 tv21.ru
2020 жылғы 12 наурызда шетелдік әуе компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен ведомствоаралық комиссиясының шешімімен келесі елдерге орындалатын тұрақты әуе рейстерінің саны қысқартылды: Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия.

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар аясында 2020 жылғы 12 наурызда шетелдік әуе компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Әуе рейстер санының қысқаруына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді толық көлемде қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондауды рәсімдеу ұсынылды.

Әуе рейстерінің қысқаруына байланысты, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

"Turkish Airlines": 7 727 3123250, 51, тәулік бойы;

"Белавиа": 7 7172 320241, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;

"Fly Dubai": 7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;

"Etihad Airways": 7 800 5556248, тәулік бойы;

"Pegasus Airlines": 705 5558444, тәулік бойы;

"Uzbekistan Airways": 7 7172 910459, 60, сағат 09-00-ден 19-00-ге дейін;

"Эйр Астана": 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;

"SCAT": 7 7252 998880, тәулік бойы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: